384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда түйе мен бие сүтін ұнтаққа айналдыратын зауыттың қазығы қағылды

  • 989
  • UPD: 15:45, 17.01.2017

Түркістанда түйе мен бие сүтін ұнтаққа айналдыратын зауыттың қазығы қағылды.

Бірлескен кәсіпорын жылына 33 мың тонна шұбат пен қымызды терең өңдейді. Ауылдағы мал шаруашылығының дамытуға негіз болатын жобаның құны 7 жарым миллиард теңге. Зауыт құрылысына 5 жарым гектар жер индустриалды аймақтан бөлінген. Жалпы бие мен түйе сүтінің емдік қасиеті көп. Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Сондықтан Қытайлықтармен бірлескен осы жобаға инвеститция салуды жөн көрдік, - дейді отандық кәсіпкерлер. Болашақта шалғай ауылдардан сүт қабылдайтын бекеттер ашылады. Оған қоса түйе және жылқы шаруашылығымен қатар ет пен теріні өңдеуді қолға алмақ. Ұлттық сусыннан ұнтақ жасайтын зауыттың алғашқы өнімін Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарамыз, - деп отыр. Отандық өнім бірінші кезекте ішкі нарықты қамтиды. Артылғаны Қытай мен Біріккен Араб Әмірлігі және Эвропа елдеріне экспортталмақ.

Сәкен Арапбаев, компания құрылтайшысы:

- Түйе сүті ана сүтіне ең жақын сүт. Сол үшін біз бұны ұнтақтап жас нәрестелердің ішетін тамағы ретінде бірінші шығаратын өніміміз сол болады. Одан кейін күш қуат беретін бірнеше жас ерекшеліктеріне қарай жастар мен қарияларға арналған өнім өндіреміз.

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі:

- Бұның бір жылдағы өндіретін өнімі 21 миллиард теңге. Бізде Түркістан қаласында 54 мекеме бар. Олардың өндірген өнімі биылғысы 12 миллиард теңгені құрады. Ал осы бір зауыт 188 адам жұмыс істейтін кәсіпорын 21 миллиард. Яғни ертең біздің экономикамызға үлкен серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы