384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы жыл санап көркейіп келеді

  • 1617
  • UPD: 17:29, 17.01.2017

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының орталығы Бейнеу ауылында тұрғындар саны 50 мыңнан асады.

Өткен жылы шетелден 51 отбасы келіп қоныстан. Елді мекеннің қаржылай әлеуеті 1 млрд теңгеден асады. «Бұл – аудан бюджетінің 11,43%-ына тең көрсеткіш». Халық алдындағы есептік кездесуінде ауыл әкімі Жасұлан Оспанов осылай деді. Сол өңірдегі тілшіміз Талғат Исламұлы тәуелсіздік жылдары қайта түлеген ауыл тіршілігі туралы әңгімелейді.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселген ауылдың бүгінгі келбеті көз сүйсінтеді. Былтыр жалпы ауданы 44 мың шаршы метр болатын 376 жеке тұрғын үй бой түзепті. Сонымен қатар төрт көпқабатты бес коммуналдық баспана қолданысқа берілген. Қоныс тойын тойлағандардың көбі жас мамандар.

Индира Еркінбай, Бейнеу өнер мектебінің мұғалімі:

- 2016 жылы туып өскен ауылым Бейнеу селосындағы Құлшар Бақтыбайұлы атындағы өнер мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналастым. Жас маман ретінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен несие алдым.

Ауылда кәсіп ашып, жерлестерін жұмыспен қамтыған іскер азаматтар аз емес. Шаруасын дөңгелеткен 3 мыңға жуық кәсіпкер 11 мыңнан астам тұрғынға екі қолға бір күрек тауып берген. Жұмыссыздықтан бөлек, ауылды мектеп-балабақшалармен қамту мәселесі де жүйелі шешіліп келеді.

Жасұлан Оспанов, Бейнеу ауылының әкімі:

- Еліміздің ұлттық қорынан қаржы бөлініп, Сәтбаев көшесінің бойында 900 орындық, құны 1,3 млрд теңгені құрайтын Бейнеу орта мектебі пайдалануға берілді. Құны 11,5 млн теңгені құрайтын балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

Халықты таза ауызсумен толық қамтамасыз ету үшін көшелерге су құбыры тартылып жатыр. Тіршілік нәрін бөлетін орталық станцияның құрылысы да кестеге сай қарқынды жүргізілуде. Кешен пайдалануға берілген кезде ауылда ауызсу мәселесі түбегейлі жойылмақ.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы