378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік басқару академиясы «Тиімді үкімет» конкурсын жариялады

  • 974
  • UPD: 18:31, 17.01.2017

Әлемдегі әртүрлі өзгерісті бағамдайтын, инновациялық технологияларды меңгерген мемлекеттік қызметкерлерді дайындау – маңызды бағыттың бірі.

Тың идеямен қаруланған жалынды жастар мемлекеттік салаға көптеп келуі керек. ҚР Президенті жанындағы басқару академиясы осы бағытта 20 жылдық тәжірибесі бар Италия компаниясымен бірлесе, еліміздегі білімді жастар арасында конкурс жариялады. Мемлекеттік қызметтегі реформаны ғылыми тұрғыда сараптауға арналған зерттеу жұмыстарын қабылдау ақпан айына дейін жалғасады. «Тиімді үкімет» деп аталатын жобаға ағылшын тілін білетін магистр дәрежесінде білімі бар кез-келген азамат қатыса алады. Ең үздік зерттеу жұмысына Италия компаниясының гранты табыс етіледі. Яғни конкурста топ жарған жастар бір ай бойы Апенин түбегіндегі сараптамалық талдау орталығында ғылыми іс-тәжірибеден өтеді.

Альтаир Ахметов, Мемлекеттік басқару академиясы ректорының орынбасары:

- Ол тек қана мемлекеттік қызметкерлерге арналған конкурс емес, ол Қазақстан азаматтарына арналған. Сондықтан 35 жасқа дейінгі азаматтарымыз осы конкурсқа қатыса алады. Екіншіден, Италиядан әріптестеріміз басында сол әріптестеріміздің иницативі болғандықтан біз осы идеяны қолдап, нәтижесінде осы жоба грант ретінде ұйымдастырылған.  

 

 

Хабар 24 телеарнасы