383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазгидромет мамандары Астананы көк түтін басу себебін айтты

  • 1107
  • UPD: 19:47, 17.01.2017

Бүгін елорда аспанын көк түтін басты.

Алайда Қазгидромет орталығының қызметкерлері бұл құбылысты қою тұманның салдары деп отыр. Дегенмен, көк түтін тұмшалағанын да жоққа шығармайды. Бұған жер үйлер мен жылу электр станциялары атмосфераға шығаратын зиянды қалдықтардың да ықпалы бар. Тұрғындар ауаға жағымсыз иіс жайылды деп,, алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал мамандар байбалам салуға еш негіз жоқтығын айтады. Ауаның шектен тыс ластануы әзірге анықтала қойған жоқ.

Зәуреш Әбдиева, «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша қалада орналасқан бекеттердің нәтижелері бойынша 16 қаңтар күні тек қана қалада орналасқан «Шапағат» базарының айналасында диоксидті азоттан бір шектік асу байқалды. Басқа бекеттерде асу байқалмады. барлық жергілікті жерлерде үйлерде от жағып жатыр. Содан да болуы мүмкін. Егер жел болса, ол желмен бірге жайылып кететін еді. Қазір жел де жоқ, ауа жоғарғы температурада.

Хабар 24 телеарнасы