378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі банктердің бірі Шахандағы апаттан зардап шеккендерге баспана алып бермек

  • 466
  • UPD: 20:38, 17.01.2017

Еліміздегі банктердің бірі Шахан кентінде болған апаттан зардап шегушілердің барлығына баспана алып беру жауапкершілігін өз мойнына алмақ.

Ал барлық отбасы мүшелерінен айырылған жеті жасар Полина Андроповаға пәтерді Балқаш қаласының тау-кен компаниясы сатып алып беретін болды. Қамқоршылық кеңесінің мәліметі бойынша қоғамдық қорға түскен қаржы қираған көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіру мен жаңа қазандық орнатуға жұмсалады.

Айта кеткен жөн, Шахан кентінде болған апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету қоғамдық қорына 80 млн теңгеге жуық қаржы жиналған. Оның 13 млн теңгеден астамы жәбірленушілердің өтемақысы мен қаза болғандардың жерлеу рәсіміне жұмсалды.

Жамала Мамерханова, қайырымдылық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы:

- Егер қорға жиналған қаржы артылып жатса, кенттегі дербес қазандықпен отырған көпқабатты үйлердің пештеріне генератор орнату жоспарымыз бар, бұл құрылғы жарық сөніп қалған уақытта қосымша насостың қосылуын қамтамасыз етеді. Бұл әрине, халықтың қауіпсіздігіне жақсы болады.

Хабар 24 телеарнасы