382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде биологиялық бақтағы аюлар әлі ұйықтамаған

  • 582
  • UPD: 20:40, 17.01.2017

Биылғы қыстың жылы болуына байланысты Семей қаласындағы биологиялық бақта өмір сүретін аюлар ұйқыға кетпей, ояу жүр.

Тордың ішіндегі Зита мен Гриша атты қос аю күні бойы орталыққа келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өз өнерін көрсетеді. Әсіресе, Зита белсенді. Ол келген қонақтар тәтті бермейінше артқы аяғын төмен түсірмейді. Жыртқыш жануарлар негізінен көкөніспен қоректенеді. Зообақ мамандары әлі өңірде күн суытып, аюлар қалың ұйқыға кетеді деп үміттеніп жүр.

Сая Төлеубек, биологиялық бақ қызметкері:

- Негізі қоңыр аюлардың иіс сезу мүшесі қатты дамыған. Сондықтан олардың тамақтану тәртібі бойынша біз оларға сағат төртте тамақ береміз. Сол кезде олар шығып тамақтарын жейді.

Хабар 24 телеарнасы