382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 4 айдан бері су есептейтін құралдарды ұрлаған қос күдікті ұсталды

  • 419
  • UPD: 23:57, 17.01.2017

Шымкентте қалың елді қан қақсатып жүрген қос күдікті ұсталды.

Олар төрт айдан бері «Қайнарбұлақ» саяжайындағы тұрғындардың су есептейтін құралдарын ұрлаумен айналысқан. Соның кесірінен «Кристал» массивінің тұрғындары үй іргесіне келіп тұрған жаңа құбырда су іше алмай отыр. Қамауға алынған күдікті тергеу барысында олжалаған заттарын базарға апарып, арзан бағада өткізіп отырғанын айтқан. «Сөйтіп, олар 2 миллион теңгенің затын қолды еткен», - дейді тәртіп сақшылары. Алдағы уақытта массив тұрғындарына есептеу қондырғылары орналытып, су берілетін болды.

Сәбит Қуатов, Қаратау аудандық полиция бөлімінің басшысы:

- Олардан сол жерден ұрлаған 500-ге жуық су өлшеу құралдары алынып,тәркіленді. Толық мойындап отыр. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы