387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық дәрігер тәжікстандық әріптестеріне озық технологияларды меңгеруге көмектеспек

  • 553
  • UPD: 22:28, 17.01.2017
Қазақстандық дәрігер тәжікстандық әріптестеріне озық технологияларды меңгеруге көмектеспек фото: UMC

Қазақстандық дәрігер тәжікстандық әріптестеріне балалар арасындағы бүйрек ауруларын емдеудегі озық технологияларды меңгеруде көмектеседі.

University Medical Center корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігері, Нефрология, диализ және трансплантация бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР-ның штаттан тыс бас балалар нефрологы Алтынова Венера Ханапияқызы Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрінің шақыртуымен 2017 жылғы 9-14 қаңтар аралығында Душанбеде жергілікті мамандарға перитонеальды диализ бойынша біліктілігін арттыру курсын өткізді.

Душанбеге сапары барысында В.Х.Алтынова перитонеальды катетерді импланттау операциясын және перитонеальды диализ әдістемелері бойынша шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ 6 күн бойы бүйрек ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша дәрістер берді. Сондай-ақ 15 науқасты қарады.

Айта кеткен жөн, аталған технология – перитонеальды диализ (ПД) Қазақстанда алғаш рет 2009 жылы енгізілді. Қазіргі уақытта Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында алмастырғылық бүйрек терапиясының барлық әдістері – гемодиализ, ПД, бүйрек транплантациясы қолданылады. Аталған әдістерді қолдана отырып, жағдайы аса ауыр балалардың өмірін сақтап қалуда. ПД әдісін жаңа туылған нәрестелерге де қолдануға болады. Біріншіден, оның көмегімен науқастарды бүйрек трансплантациясына дейін аман жеткізуге болады. Екіншіден, жансақтауда өткір бүйрек жетіспеушілігі кезінде. Өйткені қант диабеті, жүрек-қан тамырларындағы асқынушылық кезінде ПД жалғыз әдіс боп саналады. Үшіншіден, Қазақстан сияқты аумағы кең елдерде ПД ем-шараны науқастар тұратын аймақтарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда әлемде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан 100 мыңнан астам адам перитонеальды диализ емін алады. Аталған әдіс бүкіл әлемде мұндай науқастарға тез және сенімді көмек көрсетуге мүмкіндік беретін алмастырғылық бүйрек терапиясы боп саналады. Ол түсінікті де, өйткені, ПД тиімділігі бойынша диализбен бірдей, ал техникалық тұрғыдан әлдеқайда қарапайым, қауіпсіз және қолжетімді. 

Хабар 24 телеарнасы