382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде құрастырылған көліктерге сұраныс артады

  • 445
  • UPD: 11:19, 18.01.2017

Өткен жылы көлік саудасын қыздырып, мол пайдаға кенелеміз деген отандық автодиллерлердің үміті ақталмады.

Өйткені жаңа көлікке деген сұраныс екі есе төмендеген. Былтыр өз елімізде шығарылған 47 мың темір тұлпар саудаланыпты. Өткен жылғы жұмысын қорытындылаған Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілдері алдағы бағыт-бағдарын айқындады.

Өткен жылы елімізде Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропа елдерінде шығарылған көлікке деген сұраныс жоғары болды. Ал ресейлік көлікті сатып алу көрсеткіші 67%-ға төмендеген. Биыл мамандар елімізде құрастырылған көлікке сұраныс артады деп сенеді.

2010 жылдан бері экономиканың күре жолында жылдамдығын үдетіп, жүйіткіген автонарық саласы өткен жылы сәл бәсеңсіп қалды. Өйткені тұтынушының төлем қабілеті төмендегендіктен, сұраныс та азайды. Жағдайдың жай-жапсарын түсіндірген Қазақстан автобизнесі қауымдастығының өкілдері осылай деп қынжылды. Сырттан әкелінген автокөліктер саудасы бәсеңдегенімен, отандық өнімге деген сұраныс ұлғайып келеді.

Антон Афонин, отандық автоөндіруші компанияның атқарушы директоры:

- 2015 жылдың ортасына дейін нарықтағы отандық көлік үлесі 10%-дан сәл асқан еді. Бірақ былтыр әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан елімізде құрастырылған көлік саны екі есе ұлғайып, жыл қорытындысы бойынша 20%-ды құрады.

Сонымен бірге жаңа көліктертер «Еуро-5» міндетті экологиялық талапқа сай болуы тиіс. Бұл экологиялық талап дегеніңіз, көліктен бөлінетін газдағы зиянды химиялық қоспаларды анықтайды. Еуроодақ елдерінде «Еуро-5» талабы 2008 жылдан бері міндеттелген. Ал Қазақстанда ол 2011 жылдан бері бірте-бірте енгізіліп келеді.

Андрей Лаврентьев, Қазақстан автобизнесі қауымдастығының президенті:

- Елімізде отандық автокөлікке деген сұраныстың арту үрдісі байқалады. Бұл жақсы жаңалық. Өйткені несиелеу бағдарламасы отандық автөндірістің дамуына мүмкіндік беруде.

Еліміздің авторанық саласының дамуына сенім білдірген мамандар биыл саудаланатын отандық көліктер санын 55 мыңға жеткіземіз деп отыр.

Авторлары: Алмас Садуқаас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы