382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көлік және логистика саласының мамандары бас қосты

  • 512
  • UPD: 11:22, 18.01.2017

Алматыда Орталық Азияның бес елінен келген көлік және логистика саласының мамандары өз мүмкіндіктерін ортаға салды.

Форумды АҚШ пен Гермнияның халықаралық қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырған. Әлемдік статистикалық агенттіктердің мәліметінше, Қазақстан мен көрші мемлекеттер арасындағы тауар айналымы бүгінде жалпы ішкі өнімінің 5%-ынан аспайды. Алайда мұны бірнеше есе көбейтуге болады. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, Орталық Азия елдеріндегі тауар айналымын арттыруға кедендік бақылау және құжат рәсімдеу тосқауыл болып отыр. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан арасындағы экономикалық байланысты дамыта түсетін жоба да бар. Оны АҚШ пен Германиядан келген өкілдер әзірлеген. Бес жылдық бағдарлама ең алдымен кедендік рәсімдеу жүйесін мамандандыруды көздейді.

Айжан Бейсенова, USAID агенттігінің Орталық Азиядағы көлік және логистика маманы:

- Бізде шекара асқан соң бірқатар түйткілдер туындайды. Бұл – кедендік бақылау, кәсіпкерлерге қатысты құжаттардың көптігі және рұқсат қағаздары. Бүгінгі басқосуда айтылған түйткілдерді шешудің тиімді жолын табу және оны іске асыру мәселесі.

Хабар 24 телеарнасы