383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе қардан тазартылып жатыр

  • 428
  • UPD: 11:57, 18.01.2017

Ақтөбеде ауладағы қарды шығарып, жүргіншілер мен көлік жолына үйіп қойған 85 тұрғынға хаттама толтырылды.

25 адамға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ тиесілі аумағын күремеген жеке кәсіпорындар 245 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Қала билігі өкілдерінің айтуынша, жеке үйлер мен мекемелердің ауласынан шыққан қар ешкімге кедергі келтірмейтін, арнайы жерлерге үйілуі тиіс. Сонда ғана қар тазалайтын мердігер компания тегін алып кетеді. Ал, жеке үйдің ауласын тазалау – ақылы. Жалпы, қала бойынша 14 мердігер кәсіпорынның 260 арнайы техникасы күндіз-түні қар шығарып жатыр. Биыл осы мақсатта 910 млн теңге бөлінген. Қыс маусымына 2 мың тонна инертті заттар дайындалған. Алғашқы қар жауғалы бері 120 мың текше метр ақ ұлпа қала маңындағы 6 полигонға шығарылған.

Нағымжан Алдияров, қала әкімінің орынбасары:

- Ереже бойынша, әр тұрғын өзінің ауласындағы қарды өзі шығаруы тиіс. Егер өзінің ауласындағын шығаратын техникасы болмаған жағдайда, телефон нөмірлеріміз бар. Қала бойынша 5 компания бір көлікке 5 мың теңгеге қар шығару жұмыстарын атқарып жатыр. Егер зейнеткер, жағдайы келмейтін адам болса, әрине, мердігер компания көмек береді.

Хабар 24 телеарнасы