389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық кәсіпкер қоқыстан пайда табуды үйренді

  • 1151
  • UPD: 12:33, 18.01.2017

Петропавлдық кәсіпкер тұрмыстық қалдықтарды ақшаға айналдырды.

Қайыржан Айсин «Даму» қоры арқылы 20 млн теңге несие алып, полигоннан сұрыптау станциясын ашты. Бұл - әзірге пилоттық жоба. Шағын өндірісте 14 адам жұмыс істейді. Олар күл-қоқысты іріктеп, бөлек-бөлек жинап қояды. Дайын шикізат Алматы, Петропавл қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіледі. Іскер азаматтың айтуынша, қала маңындағы полигонға күніне 100 тоннадай қоқыс тасталады екен. Енді ол тағы бір желіні іске қосып, кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.   

Қайыржан Айсин, кәсіпкер:

- Біз сұрыптау станцияларын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салуды жоспарлап отырмыз. Бұл өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қоқысты қайта өңдеуге де көшеміз.

Хабар 24 телеарнасы