378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-дағы жедел жәрдем мекемесі 30 автокөлікпен толықты

  • 553
  • UPD: 12:34, 18.01.2017

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мамандандырылған жедел жәрдем мекемесі су жаңа 30 автокөлікпен толықты.

Шымкентте құрастырылған отандық көліктің 19-ы қала халқы үшін қызмет етеді. Олар толықтай өзімізде жасалған медициналық қондырғымен жабдықталған. Темір тұлпарлар бүгіннен бастап кезекшілікке шығып, жұмысқа кіріседі. Қыста жедел жәрдемдегілер күніне 2,5 мың шақыртуға шығады. 2017 жылы облыс бюджетінен қосымша тағы да 22 көлік сатып алу көзделіп отыр.  

Гүлнәр Құрманбекова, қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

- Қалада 9 бекет жұмыс істейді. 9 бекеттің өзін ең көп шақыртулар түсетін жерге өзіміз сараптап, автокөліктің бәрін бөлдік. Ары қарай халыққа тек сапалы жұмыс көрсетеміз деп ойлаймын. 

Хабар 24 телеарнасы