381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде қар тазалау техникасы жеткіліксіз

  • 931

Семей көшелерінде уақтылы тазаланбаған қар жол-көлік оқиғасының көбеюіне түрткі болып тұр.

Тек соңғы күндердің өзінде 20 жол апаты тіркелген. Жауапты мамандар күні-түні жұмыс істегенімен, қардың азаятын түрі жоқ. Қыс басталысымен қаладан 70 мың текше метр қар шығарылған. Қаланы қалың қардан арылтуға ескірген техника мүмкіндік бермей тұр.

Юрий Пазына, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Соңғы бес жылда жаңа техника мүлде алынбады. Сондықтан қар тазалау техникасына зәруміз. Мен әкімге қызметтік хат жолдадым. Келесі жылы 300 млн теңгеге техника алуға тиіспіз.

Хабар 24 телеарнасы