386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде мыңнан астам студент «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жүр

  • 496
  • UPD: 11:19, 19.01.2017

Семей қаласында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1 мыңнан аса студент білім алып жүр.

Олардың барлығы да Семейге еліміздің оңтүстік өңірінен келген қыз-жігіттер. Білімгерлермен Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Абзал Нүкенов кездесті. Басқосу диалог ретінде өрбіді. Студенттер өздерінің қоғамдық өмірі жайлы баяндап, «Серпін-2050» бағдарламасының шарапаты мол екенін айтты. Себебі аталған жоба арқылы олар техникалық және медициналық білім алады. Әртүрлі жеңілдіктер де қаралған.

Айта кеткен жөн, «Серпін-2050» бағдарламасы елімізде 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.

Оңталап Ахмеджанов, студент:

- «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы бұл Оңтүстік өңірінің жастарына үлкен қолдау болып табылады. Яғни қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысына, Солтүстік Қазақстан облысына, аймақтарға жастарды тарту арқылы, оқу-білім алу арқылы көптеген жағдайдар жасап, тиімді, сапалы білім алуына көптеген жағдайлар жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы