388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей мен Өскемендегі әуежайларға тыңғылықты жөндеу жұмыстары жүргізіледі

  • 608
  • UPD: 19:30, 19.01.2017

304 млрд теңге. Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы облыстық бюджеттің көлемі.

Аймақтың қазына қоржынына мұндай қаражат бұрын-соңды түспеген. Сондықтан билік қаржыны Семей мен Өскемендегі әуежайларын тыңғылықты жөндеуге жұмсамақ.

Шығыс Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамытуға үлкен мән беріліп отыр. Мысалы, Семейдегі әуе бекеті кешені соңғы 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Енді «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 10 млрд теңге бөлініп, әуежайға күрделі жөндеу жүргізілмек. Мақсат – жолаушыларға лайықты жағдай жасау.

Нұртай Оспанов, Семей қаласы әуежайының директоры:

- Жөндеуден кейін ұшу-қону жолағы 3100 метрге кеңейтілмек. Бұл ұшақтардың кез келген түрін қабылдауға мүмкіндік береді.

Биыл облыстық қазына үлесі 304 млрд теңгеге жетті. Қаражат әлеуметтік мәні бар міндеттерді шешуге жұмсалмақ. Облыстағы жолдар мен көшелерді жаңғырту бойынша құны 7,5 млрд теңге болатын 8 жоба іске асырылады. Нәтижесінде бірқатар қордаланған мәселе шешімін таппақ.

Қуат Тұмабаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Күршім ауданында жаңа көпір салу басталады. Бұл өте маңызды мәселе Күршім ауданының тұрғындарына. Облыста 4 мектеп салына бастайды. 2 мектеп қазақ тілінде Өскемен қаласында, 1 Аягөз қаласы және Мақаншы ауылында 320 адамға.

Мамандар тауық жылын өңір үшін даму жылы болады деп болжап отыр. Бұған ел қазынасынан бөлінген үлестің еселенгені сеп болары сөзсіз.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы