384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің экологиялық жағдайы жыл сайын нашарлап барады

  • 1213
  • UPD: 20:02, 20.01.2017

Қоршаған ортаның ластануы жыл сайын өсіп барады.

Ғалымдар таяу болашақта таза су мен құнарлы жерді сақтап қалу қиынға соғатынын айтып дабыл қағып жатыр. Осы тұрғыда жастарды қоршаған ортаға мейіріммен қарауға тәрбиелеуде алдыңғы буын ағалардың айтар ақылы мен ісі маңызды.

«Байтақ болашақ» атты ұйым енді ақсақалдар кеңесімен бірге еліміздегі экологиялық түйткілдерді шешуге атсалыспақ. Ақын-жазушыдан бастап эколог мамандар, сан саланың ғалымдары және танымал қоғам қайраткерлерінен бас құраған кеңестің төрағасы болып белгілі ақын-жазушы Олжас Сүлейменов сайланды. Мамандар қазір күрделі күйде тұрған экологиялық мәселелерді ортаға салып, қоршаған ортаны қорғауды билікке де жете түсіндіру қажеттігін атап өтті. «Адам өлімінің 60%-ы сапасыз азық-түліктен келеді. Ауру астан демекші, дендеген дерттердің 80%-ы нәрсіз тағамнан» - дейді Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.

Төрегелді Шарманов, Тағамтану академиясының президенті:

- Өсімдіктен шығатын өнімдерді адам пайдаланады. Сонда ең негізінде ол адам денсаулығына тағам арқылы келеді. Дүниедегі ең саясаттың маңыздысы тамақ ішкен деп. Ең маңыздысы экологиялық таза тамақ болу керек. Ол таза тамақ биенің сүті. Биенің сүтінен жасалған тағамдар.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының президенті:

- Менің ойымша, бизнес жағын, коммерцизация жағын, қоғамдық халыққа түсіндіру арқылы іске асыру жақсы болар еді. Осы себептен осы ақсақалдар кеңесін жинағанымыз сол себептен. Ол кісілер еліне барып айтады, халыққа барып айтады. Халыққа жеткізеді, ақындар өлеңдеріне қосады. Солай біз экологиялық мәселені жоғары дережеге қоюымыз керек. Әр қазақ әрбір қазақстандықтың жүрегінде экологияға деген мейірімділікті тудыруымыз керек. Осы бағытта құрдық.

Хабар 24 телеарнасы