386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шахандағы апатта отбасынан айрылған Полина Андроповаға пианино тарту етілді

  • 557
  • UPD: 19:47, 20.01.2017

Шахан кентінде болған апатта отбасынан айырылған тоғыз жастағы Полина Андроповаға күйсандық тарту етілді.

Сынып қалған сүйікті пианиносын көргенде Полина қатты қамыққан болатын. Бүлдіршінге құны жарты млн теңге тұратын электрлі пианиноны Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері сыйлады. Қазір Полинаны әжесі Нина Смирнова өз қамқорлығына алып отыр.

Нина Смирнова, Полина Андропованың әжесі:

- Полина пианинода қуана-қуана ойнайды. Бұл оның арманы еді. Биыл музыкалық мектепке барып жүргеніне екі жыл болады. Енді әрі қарай жалғастыруға деген құлшынысы артты. Бұл біз үшін де үлкен қуаныш.

Хабар 24 телеарнасы