389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Доссор кентінің тұрғындары әкіммен кездесуде көкейкесті проблемаларды шешіп беруді сұрады

  • 1499
  • UPD: 10:06, 21.01.2017

Атырау облысындағы 14 мыңнан астам тұрғыны бар Доссор кенті күре жолдың бойында орналасқан.

Мұнда негізінен мұнайшылар мен теміржолшылар тұрады. Сол себепті жұмыссыздық мәселесі жоқ деуге болады. Кент ауыз сумен және көгілдір отынмен толық қамтамасыз етілген. Дегенмен, кезегін күткен көкейкесті мәселелер де бар.

Доссор кентіндегі күрмеуі қиын мәселенің бірі – көшелердің жарықтандырылуы. Жиынға жиналған көпшілік осы проблеманы шешіп беруді сұрады.

Гүлжамал Шөкетова, Доссор кентінің тұрғыны:

- Бізде арғы бетте Сағытжанов, Ауқатов көшелерінде жарық жоқ. Балалар таңертең сабаққа шығады, өзіміз жұмысқа шығамыз. Жер көк мұз, жүре алмаймыз. Көшеде мүлде жарық жоқ. Соған қалай жауап бересіз?

Жарылғасын Исмағұлов, Доссор кентінің әкімі:

- Тарнсформатор тұйықталып, кешегі боранда көп нәрсені істен шығарып жіберді. Бюджеттен 4 млн ақша қаралып, тендерден ұтқан адам келіп іске кіріседі деп отырмыз.

Халық саны жыл санап артып келе жатқан кентте медицина мамандарының тапшылығы байқалады. Кент әкімі есебін тыңдауға келген тұрғындар дәрігерлердің жетпей жатқанын да тілге тиек етті.

Ахметжан Жұмағалиев, ардагер дәрігер:

- Доссор кентінде медицина мамандарының ішінде хирург маманы, акушер маман және балалар дәрігері жетпей жатыр. Халық саны болса өсіп келе жатыр, Осы мамандармен қамтамасыз етуде аудандық денсаулық сақтау бөлімі, ауданның әкімі жұмыстар жүргізіп жатыр, бірақ осы мәселені республика көлемінде шешілсе екен деген тілек білдіреміз.

Доссорда шағын және орта бизнес кеңінен қанат жайып келеді. Өткен жылы 9 тұрғын шағын несие алып, өз істерін бастапты. Кәсібінің нәсібін көріп отырған іскер азаматтар болашақта бизнестерін ұлғайтуды көздеп отыр.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы