389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде «Шырайлы Шыңғыстау» деп аталатын ерекше көрме ашылды

  • 1279
  • UPD: 09:26, 23.01.2017

Семейдегі Абайдың республикалық қорық-музейінде «Шырайлы Шыңғыстау» деп аталатын ерекше көрме ашылды.

Көрменің мақсаты – данышпан, ойшыл ақын Абай өскен өлкенің флорасы мен фаунасын, табиғат ерекшеліктерін көпшілікке таныстыру. Соңғы 3 жылда Абай ауданында 14 экспедиция жұмыс істеді. Солардың бірі – Шәкәрім атындағы университет ғалымдары мен студенттерінің зерттеуі. Көрмеге осы топтың 100-ден астам еңбегі қойылған. Оның ішінде кептірілген өсімдіктер, сирек кездесетін құстардың суреттері бар. Зерттеушілер Шыңғыстау баурайында құстың 90-нан астам және өсімдік, жәндіктердің 400-ден астам түрін анықтаған.

Шынар Садықова, Абай қорық-музейінің бөлім меңгерушісі:

- Абай әлемі десек, біздің көз алдымызға Шыңғыстау келеді. Оның әрбір тасы, әр жотасы осы Абай, Шәкәрім, Мұхтар туралы сыр шертіп тұрғандай. Абайдың Шыңғыстауы бізге осынысымен қымбат. Былтыр «Шыңғыстау» сурет галереясын ашсақ, осы істің сәтті жалғасы болып «Шырайлы Шыңғыстау» көрме бағы ашылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы