387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана процесі бойынша баспасөз орталығының жұмысы туралы ақпарат

  • 626
  • UPD: 10:34, 23.01.2017
Астана процесі бойынша баспасөз орталығының жұмысы туралы ақпарат Асхат Нурекин

Астанада өтетін Сирия бойынша халықаралық кездесу кезеңінде баспасөз орталығының жұмысы туралы ақпарат.

Аккредиттеуге өтініштер қабылдау 2017 жылғы 20 қаңтарда сағат 17.00-де аяқталды.

Астанадағы Қонаев көшесі, 4 мекенжайында «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 1-қабатында орналасқан баспасөз орталығы  (батыс жағынан кіреберіс, Нұрлы жол көшесінен) 20 қаңтардағы таңғы 09:00-ден бастап тәулік бойы жұмыс істейді.

Аккредиттеуді аяқтау үшін сәйкестендіру/аккредиттеу бэйджілерін алу қажет. Сәйкестендіру/аккредиттеу бэйджілері жеке куәлік немесе паспорттың түпнұсқасы көрсетілген жағдайда баспасөз орталығында 23 қаңтарда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін беріледі. 

Кездесу кезеңінде басқа қаладан келген, сондай-ақ шетелдік журналистер үшін «Думан» қонақүйі – Баспасөз орталығы» бағдары бойынша көліктік қатынас ұйымдастырылатын болады. Бірінші автобус «Думан» қонақ үйінен сағат 08:30-да жолға шығады.

Хабар 24 телеарнасы