384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандықтар әлемнің түкпір-түкпірінен келетін қонақтарды қарсы алуға дайын

  • 631
  • UPD: 10:06, 24.01.2017

Өйткені биылғы жыл ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен көне шаһарды түркі әлемінің мәдени астанасы деп белгіленген.

Қазақ жерінде осымен екінші рет өткізілгелі отырған айтулы шара «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесінен бастау алады. Оған түркі елдерінен мыңдаған қонақ келмек. Осыған орай Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, этноауыл бой көтереді. Онда қазақ халқының салт-дәстүрмен қатар басқа да түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен әдеп-ғұрпы насихатталады. Қазір жолдар жаңғыртылып, кесене маңынан көне архитектуралық пішінде қонақ үй мен сауда орындары салынып жатыр. Көктемнен қара күзге дейін жалпы 50-ден астам түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.

Дүйсен Қасейінов, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы:

- Ең бастысы, биыл бұл жер түркі әлемінің туристер мен мәдениет қайраткерлерінің жиі бас қосатын, зияратқа келетін мәдени орталығына айналады. Түркістандықтар болса, басқа халықтың мәдениетімен жақынырақ танысатын болады.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:

- Біздің облысымыз үшін қай жағынан болса да экономика, рухани жағынан да, туризм жағынан да пайдасы бар. Біз осыны жетік түсінуіміз керек. Сондықтан да әрбір шарада бұл біздің дүниені танитын, дүненің бізді танитын мүмкіндігі.

Хабар 24 телеарнасы