388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Конституциялық реформа – мемлекет дамуының бір көрінісі

  • 734
  • UPD: 23:46, 30.01.2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты ұсынысын Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сарапшылық кеңесі қызу талқыға салды.

Кеңес мүшелері билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету қажеттігін айтты. Сондай-ақ, сарапшылар бұл мемлекет дамуының бір көрінісі екендігін жеткізді.

Еркін Дүсіпов, ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының орынбасары:

- Мемлекеттің үкіметін қалыптастыру. Онда сол мемлекеттік органдардың, министрліктердің басшыларын тағайындау. Олардың жауапкершіліктерін қарастыру. Осылардың бәрі жүзеге асатын болса, біздің мемлекетіміздің тағы бір сатыға дамуға мүмкіншілігі бар.

Нұрзада Примашов, заң ғылымдарының кандидаты:

- Біз Президенттің билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты үндеуін қолдаймыз. Сонымен қатар конституцияға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Партиялар өзі Үкімет құруға атсалысатын болса, олардың арасында бәсекелестік пайда болады. Яғни үкіметті жасақтаудың өзінде алға қарай жылжыған тетіктер, ұсыныстар болуы мүмкін. Оның бәрі айналып келгенде мемлекеттік басқару жүйесіне өте оңтайлы.

Хабар 24 телеарнасы