384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еңбегімен еленгендер «Аманат» қоғамдық сыйақысына қатыса алады

  • 887
  • UPD: 14:45, 03.02.2017

Әлеуметтің әлеуетін көтеріп, еліне еңбегі сіңген азаматтарды қолдауға арналған «Аманат» қоғамдық сыйақысы өз жұмысын бастады.

Сүрленіп сүрінбей жеткен тарихымызды паш етіп, дәстүрімізді дәріптеуде өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар бұдан былай 7 номинация бойынша сыйақы иегері атана алады. Ол туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде айтылды. Үміткерлерді үкіметтік емес ұйымдар ұсынуы тиіс. Сыйақы «Бабалар аманаты», «Шынар», «Бекзат», «Арыс», «Қайнар», «Дегдар», «Жігер» номинациялары бойынша үлестіріледі. Шараға шетелдегі қандастарымыз да қатыса алады. Игі бастаманың басты мақсаты ұрпаққа ұлағат болып, дала мәдениетін жаңғыртуға үлес қосқандарды ұлықтау. «Ұсыныстар 1 мамырға дейін қабылданып, тамыз айында үздіктер белгілі болады», - дейді мамандар.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет қайраткері, филология ғылымының докторы:

- Биыл осы бірінші рет сыйлық бекіп жатыр. Биыл бірінші рет тапсырылатын болып жатыр. Жолы болсын, осы сыйлықтың ғұмыры ұзақ болсын. Қолымыздан келгенше қызмет етеміз. Халыққа сыйлы, халықтың аманатын арқалап жүрген азаматтар сыйлыққа ие болады деп ойлаймыз.

Ырза Тұрсынзада, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, этнодизайнер:

- Мына қаз-қаз басқан қазақ баласына сонау көне тарих қойнауынан келіп жеткен аңызға бергісіз аманаттарымыз бар. Ол бүгінгі айғақсыз ақиқат. Көне тарихымыздан келе жатқан аманаттарымыз. Аманатымызға сертін бұзбай жүрген қандастарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы