386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да өндіріс өркендеп, шаруашылық ширығады

  • 900
  • UPD: 20:53, 06.02.2017

Шығыс Қазақстан облысында өндіріс пен ауыл шаруашылығы қатар дамитын болады.

Өңірге жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауында бұл салаларға ерекше мән берілгенін атап өтті. «Сондықтан қос сала қолдаудан кем болмайды», - деді.

Бүгінде әлем халқы табиғи азық-түлікке зәру. Осыны ескерген қазақ елі ауыл шаруашылығын жетілдіріп, экологиялық таза өнім өндіруге, тіпті экспортқа шығаруға мүдделі. Өңірдегі «Шығыс Сүт» кәсіпорны жылына 36000 тонна сүт және сүт өнімдерін шығарады. Ірі корпорацияның 8 шағын зауыты бар. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының игілігін көрген кәсіпорынның бүгінгі жетістігі орасан.

Валентина Мягкова, мекеменің бас технологы:

- Біз моцарелла ірімшігін өндіру желісін орнаттық. Осы жылы ірімшікті еріту агрегатын іске қостық. Бәрі де заманауи. Бүгінде 60 түрлі сапалы өнім өндіреміз. Жаңашылдық кәдімгідей сезіледі. Бүгінде жұмысымыз анағұрлым жеңілдеді.

Үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басқан Қазақстанның мақсаты айқын. Өз өнімдерін шетел нарығына шығару. Бұл үлкен жауапкершілік. Сондықтан, Өскемендегі өндірістік арматура өндіретін зауытқа үлкен сенім артылған. Мұнда жылына мұнай саласында сұранысқа ие 15 мың дана арматура өндіріледі. Ал, мекеменің дамуына «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы сеп боп отыр.

Рүстем Қайдаров, оператор:

- Дәл қазір менің істеп жатқаным 65-корпус ысырмасы. Бұл корпустар менен өтіп, келесі станокқа барады. Бұл өнімдер еліміздің батысындағы мұнай шығарылатын жерлерге жіберіледі. Жұмысым өзіме ұнайды.

ШҚО еліміздегі ең үлкен өнеркәсіптік-индустриалдық өңір. Сондықтан, мұндағы кәсіпорындарды жаңғырту бәсекелестікке қабілеттілікті еселейді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасы Жолдауында бұл өңірдегі біз тұрған сияқты жаңа кәсіпорындардың жұмысын жаңғыртып, оны инновацияға негіздеу керемет мүмкіндік.

Ал, мүмкіндікті мүлт жібермей, тиімді пайдаланып, қолда барды жаңғырта білу дамудың басты бағыты болмақ.

Хабар 24 телеарнасы