384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жанармай бағасы қымбаттады

  • 637
  • UPD: 23:06, 06.02.2017

Күні кеше АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі 137 теңге болса, бүгін таңертең бірден 8 теңгеге шарықтады.

АИ-95 маркалы жанармай 161 теңгеден саудаланған еді. Ал, түстен кейін баға тұрақтанып, шамамен 140 теңгені құрады. Сарапшылардың айтуынша, бұған Ресейде жанар-жағармай құнының қымбаттауы әсер еткен. Себебі, отандық мұнай өңдеу зауыттары нарық сұранысының тек 70%-ын ғана қамтамасыз етеді. Сондықтан ішкі қажеттілікті толығымен жабу үшін көрші елдің де өнімін тұтынуға мәжбүрміз.

Сергей Смирнов, сарапшы:

- Елімізге жанармайдың 30-35%-ы Ресейден жеткізіледі. Сондықтан біздегі бензиннің құны көрші елдегі бағаға тәуелді. Алдағы уақытта да жанармай қымбаттай береді. Себебі, егін егу жұмыстары басталып, кейіннен орақ науқаны жүргізіледі. Тәжірибеге сүйенсек, бұл кезеңде бізде үнемі отын бағасы қымбаттайды.  

Айта кетейік, бұрын жанармай бекеттері бензин құнын 108 теңгеден асырмайтын. Алайда 2015 жылдан бері елімізде АИ-92/93 маркалы отынның бағасы бақыланбайды. Содан бері 30 теңгеге қымбаттаған.

Хабар 24 телеарнасы