387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА атынан сайланатын Мәжіліс депутаттарының санын арттыру қажет

  • 699
  • UPD: 15:31, 08.02.2017

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланатын Мәжіліс депутаттарының санын арттыру қажет.

Татар-башқұрт этномәдени орталығының өкілдері конституциялық реформаға қатысты осындай ұсыныс білдірді. Астанада Республикалық бірлестіктің белсенділері бас қосып, билік тармақтарын қайта бөлу үрдісіне тоқталды. Шараға қатысушылар Үкімет пен Парламенттің жауапкершілігін аттыру бастамасы өте уақытылы жасалып отырған қадам екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Елбасы жолдауында айтылған міндеттерді саралады. Үшінші жаңғырту елімізді бәсекеге қабілетті етумен қатар әлеуметтің әлеуетін аттырады, - дейді Ассамблея мүшелері.

Рафик Валиев, Татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы:

- Біз қатардағы қарапайым халық өз өкілдеріміз арқылы Үкіметтің шешіміне ықпал ете аламыз. Демек, демократия дегеніміз осы емес пе?! Негізі Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 9 депутат қана емес, әр облыстан бір-бір адамнан шығарғанымыз дұрыс болар еді. 

Хабар 24 телеарнасы