ҚР СІМ делегациясы А.Есімовпен кездесті

ҚР СІМ делегациясы А.Есімовпен кездесті
unikaz.asia

Бүгін ЕХРО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған министрлік басшылығы келді.

Көрме павильондарын қарап шыққаннан кейін Сыртқы істер министрлігінің делегациясы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.

Басқосу барысында ЕХРО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларымен жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңесті.

«Көрмені ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы жұмыс қарқыны, шын мәнінде, ерекше әсер қалдырды. Көрменің әлем назарын аудартатын, жоғары деңгейде өткізілетін айтулы іс-шара болатындығына сенімдімін», - деді СІМ басшысы.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов ұлттық компания тарапынан өткен жылы атқарылған жүмыстармен таныстырып, барлығы 150 ресми кездесулердің, оның ішінде шетелдің премьер-министр, вице-премьер, министр деңгейіндегі 36 шетелдік делегацияның қатысуымен өткізілгендігін айтып өтті. Бүгінгі таңда 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растады. Демек, ЕХРО-2017 көрме өткізу тарихындағы сәтті көрмелердің біріне айналып отыр.

Ақпарат көзі: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК баспасөз қызметі