Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанаға табиғи таза отын жеткізілді

  • 1040
  • UPD: 19:48, 08.02.2017

Алып құрылыстар алаңына айналған Астанаға табиғи газ келді.

Ресейден Қазақстанға арнаулы автокөлікпен жеткізілген сұйық отынды ең алдымен Назарбаев Университеті тұтынатын болды. Ал болашақта елордамен қатар еліміздің кейбір солтүстік аймақтары да табиғи газдың игілігін көретін күн алыс емес.

Сұйылтылған табиғи газ ең таза әрі қауіпсіз отын саналады. Кәдімгі отыннан едәуір арзан. Сондықтан бүгін Астанада газ жеткізетін жаңа станса ашылды.

Сұйылтылған табиғи газды қайта жабдықтау стансасы әзірге жақын маңдағы ғимараттарды жылумен қамтамасыз етеді. Алғашқы тұтынушысы Назарбаев Университеті болмақ. Ал, сұйық отынды жеткізуші компания қазақстандық әріптестеріне техникалық көмек көрсетуге әзір екенін айтады.

Сергей Лиховских, ресейлік компания басшысының орынбасары:

- Зауытқа қажетті газдың бәрін Ресейден тасымалдайтын боламыз. Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Жылына 320 мың тонна табиғи газ жеткізу жоспарда бар. Сонымен қатар қазақстандық әріптестерімізге инфрақұрылым құрудағы техникалық мәселелерді шешуге көмектесеміз.

Станса ресейлік инвесторлар қаржысына салынған. Экологиялық жағынан залалсыз әрі таза екеніне кепілдік те беріп отыр. Олай дейтініміз, табиғи отын дизель мен көмірге қарағанда, ауаға зиянды қалдықтарды 70-90%-ға аз шығарады.

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Еліміздің бас қаласы ретінде бұл мәселеге айрықша мән береміз. Бұл жоба елордамыздың игілігі үшін қызмет етеді деп сенемін.

Жобаға 2 млрд теңге жұмсалған. 2021 жылға дейін жоспарланған инвестицияның жалпы көлемі 20 млрд теңге. Ал, метан Астанаға құбыр арқылы емес, арнайы көлікпен криогенді күйінде жеткізіледі. Биыл 5 мың тонна шикізат жеткізілмек. Қайта газдандыру кешені болашақта бас қаланың бірқатар ғимаратын жылытуды көздеп отыр.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы