387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының жұмысшыларымен кездесті

  • 598
  • UPD: 21:37, 09.02.2017

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытының жұмысшылары тегін кәсіптік-техникалық білім алуға болатынын естіп қуанып отыр.

Себебі көбінің белгілі бір мамандық иесі атануға мүмкіндігі бар. Зауытта 4 мың адам еңбек етсе, оның 70%-ы - жастар. Өңірдегі ірі өндіріске Мәжілістің бір топ депутаты барып, жастармен әңгімелесті. Жұмысшы жастар Елбасының жолдауында көрсетілген маңызды міндеттерге қатысты сауалдарын қойды. Сөз алғандар Президенттің әркез жастарға, оның ішінде жұмысшы топқа ерекше көңіл бөлетінін айтты. Жоғары көмірсутекті феррохром өндіруде әлемде теңдесі жоқ зауыттың пештері кезең-кезеңмен жаңғыртылып келеді. 2 жыл бұрын іске қосылған №4 цех уақ рудаларды балқытатын баламасы жоқ өндіріске айналды. Құны 800 млн теңгеден асатын цех жылына 440 мың тонна феррохром өндіреді. Қазақстандағы феррохром экспортының тең жартысын, осы алпауыт компания қамтамасыз етіп отыр.

Ғанибек Есенжолов, металл балқытушы:

- Өзіме бір ерекше назар аударғаны ол «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарламаның аясында 15 жылдың ішінде 1,5 млн жас отбасын баспанамен қамтамасыз етілу көзделіп отыр. Яғни бұл үйсіз жүрген жастарымызға баспаналы болуға мүмкіндік беріп тұр.

Хабар 24 телеарнасы