384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да тәулігіне 60 тонна ет өңдейтін комбинат ашылды

  • 814
  • UPD: 10:25, 10.02.2017

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында құны 1 млрд теңгені құрайтын ең ірі ет комбинаты ашылды.

Қаржының 75%-ын ирандық кәсіпкерлер құйған. Неміс технологиясымен жабдықталған комбинат тәулігіне 3 мың бас уақ мал мен 300 ірі қараны сойып, етін боршалауға қауқарлы. Жалпы аумағы 15 гектар жерді алып жатқан кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеуге көшкенде, жергілікті жүздеген адам жұмыспен қамтылады. Ирандық инвесторлар «қазірдің өзінде күніне 3 мың қой мен 100 сиырдың етін өзіміз сатып алуға дайынбыз» деп отыр. Шаруашылықта 5 мың бас ірі қара бордақылайтын алаң бар. Қожалық былтыр Біріккен Араб Әмірлігіне 2 мыңдай уақ мал экспорттаған болатын. Ендігі кезекте комбинатқа қажетті етті жергілікті шаруалардан сатып алады. Бұл Жолдауда айтылған кооперация құру мәселесіне де негіз болмақ.

Сырым Ертаев, серіктестік басшысы:

- Олар күніне қойды 1 мың бастан 5 мың басқа дейін тапсырыс беріп отыр. Сол бойынша жұмыс істеуді бастадық, келісімшартқа қол қойдық. Ол, әрине, өзіміздің облыс аумағынан жиналған мал болады. Бізде, қазақтарда қойды бордақылап, семіртіп, етін жейтін болсақ, Иранда, Дубайда біздегі жайылымда жайын жүрген малды сойып жібере беруге болады. Кооперативтер арқылы малдың бәрін жинап, экспортқа шығарып отыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы