378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Өрлеу» бағдарламасы бойынша Атырау облысында 49 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген

  • 2007
  • UPD: 12:36, 16.02.2017

Мемлекеттік бағдарламалар еліміздегі мыңдаған қарапайым адамның жеке кәсіп ашып, іс бастауына мүмкіндік берді.

Соның бірі «Өрлеу» бағдарламасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдауға арналған қанатқақты жоба ретінде енгізілген болатын. Осы бағдарлама шеңберінде Атырау облысында екі жылда 143 отбасыға қажетті жабдықтарды сатып алу үшін қаржылай қолдау көрсетілген. Бағдарлама бойынша былтыр 49 млн теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Ал биылғы жыл басынан бері 14 отбасыдан өтініш түсіп үлгерген. Істің көзін таба білген жандар бүгінде айлық орташа табысын 17 мың теңгеге дейін жеткізген. Солардың бірі Динара Амантаева шағын ғана шаруасын табыс көзіне айналдырып отыр.

Динара Амантаева, қала тұрғыны:

- «Өрлеу» бағдарламасына 2016 жылы да қатыстым. Алты ай бойы ақшасын алып отырдық, ақшасын төледі. Енді биыл да құжат тапсырып, қатысамыз ба деген ой бар. Үкіметтің берген ақшасына тігін машинасын, материалдар алдым. Тапсырыспен көрпе-көпшік сияқты заттар тігіп жатырмын. Өтуі жақсы және интернет арқылы хабарлама беріп қойғам. «Өрлеу» бағдарламасының біз үшін көмегі өте көп.

Хабар 24 телеарнасы