380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Автобандағы ақы жеңіл көліктер үшін шақырымына 1 теңгеден аспайды

  • 404
  • UPD: 15:25, 16.02.2017

Бұл туралы брифингте Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Айта кетейік, биыл Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас жолдарында жүру ақылы болады. Жаңа жүйе сынақ түрінде қарашадан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Ақысыз баламалы жолдар біздің заңнамамызда қаралмаған. Сондықтан, қосымша жолдың құрылысын бастауға ешқандай негіз жоқ. Тек жеңіл көліктер ғана әр шақырымына 1 теңгеден төлейді. Бұл біздіңше, ең арзан баға. Жүргізушілердің қалтасын қақпайды.  

Роман Склярдың айтуынша, биыл жаңа 8 жоба қолға алынады. Бейнеу-Ақжігіт, Қостанай-Денисовка, Шортанды-Зеренді, Таскескен-Бақты, Үшарал-Достық бағыттарындағы жолдар күрделі жөндеуден өтеді. Олардың барлығы қазына қаржысынан қаржыландырылады.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Бұл жобалармен қатар халықаралық қаржы институтының есебінен ұзындығы 2 100 шақырым болатын жобаның жұмысы басталады. Олар Ұзынағаш-Отар, Ақтөбе-Қандыағаш, Қандыағаш-Мақат, Атырау-Астрахань, Жетібай-Жаңаөзен, Талдықорған-Өскемен мен Меркі-Бурылбайтал жобалары.

Хабар 24 телеарнасы