387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да көктемгі еріген қардан жиналған қалдық су кәдеге жаратылмақ

  • 806
  • UPD: 09:24, 17.02.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында ағын су тапшылығын біршама азайту үшін көктемгі еріген қардан жиналған қалдық сулар пайдаланылмақ.

Сай-салаға жиналған көлшіктегі сулар сорғы арқылы каналға құйылып, егін алқаптарына жеткізіліп отыр. Осы мақсатта арнайы жоба да жасалды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 740 миллон теңге бөлінген. Бұл қаржыға сорғы орнатылып, арық-атыздардың табаны тазартылмақ. Бұл туралы мақтааралдық диқандармен жүздескен Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев мәлімдеді. Мырзашөлдік диқандар бірнеше жылдан бері ағын су тапшылығын сезініп келеді. Өйткені үш мемлекеттің аумағынан өтетін «Достық» каналындағы су мақтаға қажет кезінде жетпей қалады. Былтыр 50 мың гектардан астам алқаптағы егінге су толық жетпеген. Ауданда жалпы 136 мың гектар суармалы жер бар. Оның 86 мыңы «Тәуелсіздік» каналы арқылы суарылады. Ал қалғаны осы «Достық» каналына қарап отыр.

Жәңгір Әбибуллаев, диқан:

- Ағын судың түпкілікті шешімі – каналдарды жекеменшіктен алу керек. Сөйтіп, тазалау керек. Қамыс бәрін лай басып, 1 метр су сыймайы. Екі құлақ су жеткізе алмайды. Бұрын мың гектар су ішетін еді.

Тұрсынбай Бердалиев, диқан:

- 2016 жылы су тапшылығы өте қатты сезілді. Қажетті судың 56%-ын ғана алдық біз. Енді ол деген су тапшылығының кесірінен 40 мың тоннадай ақ алтынды ала алмай қалдық.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы:

- Достық каналынан су алатын жерлердің көлеміне қарай Өзбекстандікі бар, біздікі бар. Оларда 112 мың гектар. Біздің 136 мың гектарды пропорционалды түрде бөлу жөнінде келісімге келдік. Бұрын олар бізді өздерінің гидропостарына жібермейтін. Қазіргі келісім бойынша олар бізді өздерінің постарына тексеру үшін, қадағалау үшін жіберетін болып уағдаласқа қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы