386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Лесная поляна» тұрғын үй алабындағы бірқатар проблемалар шешімін табады

  • 562
  • UPD: 09:56, 17.02.2017

Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылының жанындағы «Лесная поляна» тұрғын үй алабындағы бірқатар проблемалар шешімін табады.

Бұл туралы аудан әкімі Малғаждар Тәткеев мәлімдеді. Осыған дейін аталған елді мекеннің тұрғындары көшелерді жарықтандыру нашар екенін және жол бойындағы дүңгіршектердің көліктерге кедергі келтіретінін айтып, шағымданған болатын. Жергілікті билік бұл мәселелерді ретке келтіреміз деп отыр. Ал көпқабатты үйлерге берілетін ауыз судың сапасы бір-екі жылдың ішінде толық шешілуі тиіс.

Малғаждар Тәткеев, Целиноград ауданының әкімі:

- 2016 жылы төменгі Романовка су қоймасынан су тарту жобасы жүзеге асырыла бастады. Одан бөлек, 14 скважина қазылады. Әрқайсысы 1900 текше метрлік 2 резервуар орнатылады. Тәулігіне 10 мың текше метр суды тазалап, тарата алатын қондырғылар қойылады. Бұл жұмыстар 2019 жылы толық аяқталып, сол кезде халық тап-таза ауыз су тұтынатын болады.

Астана қаласының айналасында орналасқан осы Қосшы секілді ауылдардың даму жайы облыс әкімінің есептік кездесуінде де көтерілді. Себебі елордаға жақын елді мекендердің халқы күн санап артып келеді. Сол себепті, аймақ басшысы оларды өркендету үшін биыл 20-ға жуық жоба жүзеге асырылатынын айтты.

Сергей Кулагин, облыс әкімі:

- Биыл бұл жұмыстарға 4,7 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаражат алдымен 8 ауылды жарықпен қамтамасыз етуге, 3 ауылға мектеп салуға және тағы бірнеше елді мекенге жол және су тартуға жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы