387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да «Қару» жедел алдын алу шарасы аясында 40-қа жуық қару тәркіленді

  • 501
  • UPD: 10:47, 17.02.2017

Солтүстік Қазақстан облысында «Қару» жедел алдын алу шарасы аясында 40-қа жуық қару тәркіленді.

Тәртіп сақшылары 3 күн бойы тіркеуде тұрған тұрғындарға тексеріс жүргізді. Нәтижесінде сақтау талаптарын бұзғандардың қару-жарақ, оқ-дәрілерін алып қойып, үстінен айыппұл салды. Бұл заттар қарапайым ережелер орындалғаннан кейін қайтарылады. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 2 шолақ мылтық пен шағын калибрлі винтовка алынды. Қазіргі уақытта олар тиісті сараптамаға жіберілді. Шараның басты мақсаты – осындай қаруларды анықтап, олармен жасалатын қылмыстарға тосқауыл қою.

Данияр Ғалиақпаров, облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- Қызылжар ауданының Виноградовка ауылындағы 40 жастағы тұрғынынан қазіргі уақытта шағын калибрлі винтовка алынды. Осы винтовка қазіргі уақытта соттамалық сараптамаға жіберіліп, сол сараптаманың нәтижиесі бойынша ол материал сотқа жіберіледі. Ол кісіге айыппұл тағылады немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы