Транспорт және логистика. Отандық «Арлан» әскери техникасы сынақтан өткізілді

Отандық әскери көлікті алда 30 градустық аяз бен ат құлағы көрінбейтін боран күтіп тұр. Азияда баламасы жоқ «Арлан 4х4» дөңгелек формулалы техниканың ұзындығы 6,5 метр, ені 2,5 метр, ал биіктігі 3 метрді құрайды. Салмағы 16 тонна. Оқ өткізбейтін техниканы кез келген мақсатта қолдануға болады. Ендеше «Арлан» броньдалған әскери көлік сынақтан өте алды ма?