386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жиын-терім жұмыстарын несиелендіруге 60 млрд теңге бөлінді

  • 552
  • UPD: 09:49, 23.02.2017

Биыл көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелендіруге мемлекеттен 60 млрд теңге бөлініп отыр.

Бұл туралы Қостанайда несиелендіруші корпорация өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте айтылды. Жиында несие берудің бағдарламасы таныстырылды. Белгілі болғандай, пайыздық мөлшер 5-тен 3%-ға төмендеп отыр. Сондай-ақ, биыл алқаптарды әртараптандыру мақсатында майлы дақылдар мен арпаға, қант қызылшасы, күріш, жүгері, мақта, сұлы, картопқа басымдық беріледі. Алайда қаржыландырудағы кейбір келеңсіздіктерге диқандар қауымы наразы. Өйткені, шаруаның қолын байлайтын қағазбастылық көп. Ұсақ шаруашылықтар несие алайын десе, кепілдік табуы да мұң. Ал, мемлекет жәрдеміне алдымен осы шағын шаруашылықтар мұқтаж.

Марат Ахметов, шаруашылық басшысы:

- Кейбір жерде кішкентай жекеменшіктер ала ала ма, ала алмай ма қазіргі концепциямен? Сонысы ғой қиындығы. Өйткені, біз 15 жылдай банкпен істеп келе жатсақ та, бізге де әлі қиын жағдайлар бар. Бүгін 6% дейді, бірақ ол 6%-ға да жету үшін 3-4 ай уақыт керек қой. Банкке кіру үшін, банктен гарантия алу үшін. Сондай қиындықтар болады. Жеке кішкентай шаруашылықтарға өте қиын болатын шығар деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы