Абайлаңыз, импорт! Құжат сақтайтын папканы бірге таңдайық

Қағаз немесе картон папкалар белгілі бір фирма стилі немесе басқа да корпоративті мәдениеттің элементі болып табылады. Мұндай папкалар маңызды құжаттарды сақтап, келіссөздер жүргізгенде, семинарлар мен мәжілістерде жиі қолданылады. Сондай-ақ ол кеңседегі қағаздарды ретке келтіріп, ұқыпты сақтауға мүмкіндік береді. Бүгін біз тез жыртылып, сынып қалмайтын қағазға арналған папкаларды қалай таңдау керектігі жайында сөз етеміз. Сондай-ақ отандық өнімнің сапасына үңіліп көреміз.