387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Румын-молдаван қауымдастығы Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды талқыға салды

  • 600
  • UPD: 14:21, 25.02.2017

XXI ғасыр – өзгеріс, жаңару ғасыры.

Сондықтан Қазақстанда бүгінгі қол жеткен жетістіктерін сақтап, болашақта оны еселей түсу үшін жаңа қадамдар жасалуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауында осындай бастама көтерген болатын. Алматыда «Қазақстанның румын-молдаван қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен семинар өтіп, қатысушылар Жолдаудағы басым бағыттарды талқыға салды. Онда Елбасы заман ағымынан шет қалмау үшін экономикалық өсудің жаңа үлгісін қалыптастырып, еліміздің ғаламдық бәсекеден шет қалмауын тапсырған еді.

Болысбек Батталханов, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ҚХА кафедра меңгерушісінің орынбасары:

- Талай табысқа қол жеткіздік. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Өйткені әлемдік құндылықтар, адамдардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріп бара жатыр. Міне, осы өзгерістерді біздің Президент дөп басып, еліміздің қай бағытта дамуы керектігін көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы