386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да екі көпір пайдалануға беріледі

  • 405
  • UPD: 14:39, 25.02.2017
БҚО-да екі көпір пайдалануға беріледі Фото: Dirty.ru

Батыс Қазақстан облысындағы Мичурин және Макаров ауылдық округінің тұрғындары қуанышқа кенелер күн жақын.

Өйткені осы округтерге қарасты бірнеше елді мекеннің тұрғындары енді облыс орталығына жету үшін кермелі көпір арқылы қатынайтын болады. Айта кету керек, Садовая ауылының тұрғындары осыған дейін өзеннен өту үшін жасанды салдың көмегіне жүгінетін. Былтыр күзде осы Зеленый және Садовая ауылдарының аумағында қос көпірдің құрылысы басталды. Зеленый ауылындағы көпір құрылысына жергілікті бюджеттен 55 миллион, ал Садоваядағы көпір құрылысына жергілікті бюджеттен 35 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазір аталған нысандардың құрылысы аяқтала келді. Алайда мердігер кәсіпорын «Уральскстройинвест» ЖШС нысанды тапсыруға асығар емес. Макаров ауылдық округінің әкімі Нәсіпқали Қуанышевтың айтуынша, жауапты кәсіпорын құрылысты осы ақпан айында аяқтауға міндеттеме алған. Дегенмен жарықтандыру секілді ұсақ-түйек жұмыстарының бітпеуіне байланысты халықтың игілігіне берілмей отыр. «Әзірге тұрғындардың мұз үстімен өтіп жатқаны рас. Құрылысшылар дәл осы аумақтағы мұзды жасанды әдіспен қалыңдатты. Дегенмен қауіпсіздік шарасын ескеріп, әзірге көпірден өтуге болмайтыны жөнінде хабарлама жазып қойдық. Бірінші наурыздан бастап пайдалануға беріледі», - дейді Нәсіпқали Қуанышев.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы