387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Жүрек жылуы» акциясы басталды

  • 557
  • UPD: 15:00, 25.02.2017
Елордада «Жүрек жылуы» акциясы басталды Фото: astana.gov.kz

Ұлыстың ұлы күні «Наурыз мейрамы» қарсаңында Астанада «Жүрек жылуы» атты акциясы басталып кетті.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл игі бастамаға алғашқы болып «Алматы» ауданының әкімінің аппараты, Астана қаласы Жастар саясаты басқармасымен бірлесе отырып белсене кірісті.

Ауқымды іс-шараға ауданның белсенді жастар қоғамдық бірлестіктері мен ауданның өндірістік орындарының жас мамандарының Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Еуразия гуманитарлық институтының студенттері де атсалысып жатыр.

Осылайша белсенді топ өкілдері ауданның «Железнодорожный» тұрғын алабында тұратын жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетіп, тұрғын үй аулаларын қардан тазартып, қайырымдылық көрсетті.

«Аудан жастары әр салада еңбек етіп, оқып жүріп, осындай үлкен ынтамен ортақ іске үлес қосулары мақтауға тұрарлық. Қайырымдылық акция шеңберінде Астана қаласының тұрғындарын жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өз мүмкіндіктеріңіздің шеңберінде жүрек жылуларыңызды танытып, көмек көрсетуге шақырамыз», - деп түйіндейді акцияның ұйымдастырушылары.

Хабар 24 телеарнасы