385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзалдан өткен BAQ лигасында «Хабар» чемпион атанды

  • 555
  • UPD: 21:33, 26.02.2017

Он бірінші желтоқсанды әлем жұрты футбол күні ретінде таниды.

Былтыр осы айтулы мерекеде Журналистер лигасының тұсауы кесілді және жарысты ұйымдастыруға Астана қалалық футбол қауымдастығы ұйытқы болды. Тіркелген 11 команда бекітілген турнир кестесіне сай 11 тур өткізді. «Хабар» агенттігіне қарасты «Хабар», Kazakh TV және «Хабар 24» арналары дербес топтарын сайлап, сынға араласты. Үшеуі де талайға дейін намысты қолдан берген жоқ. Бірақ чемпионның біреу ғана болатыны заңдылық. Қарсыластарынан қара үзіп кеткен «Хабар» командасы алтын медаль иегері атанды. Күміс «Қазақ радиосына» бұйырды. Жекелеген ойыншыларға марапат көрсетілді. Мысалы, «Хабар» агенттігі тағайындаған бес жүлде турнирде шеберлік танытқан тілшілерге тиді. Олардың арасында спорт тілшісі Бек Төлеуов те бар. БАҚ лигасының үздік ойыншылары да анықталды. Әріптесіміз Айбек Қабылша ең мықты қақпашыға тиесілі жүлдені иеленсе, Нұрсұлтан Құрман үздік ойыншы атанды. Бұқаралық ақпарат құралдарының алды болған «Хабар» ойыншылары спортты шебер меңгергенін паш етті.

Мұхтар Ыбырайым, «Хабар» командасының қорғаушысы:

- Бұл – Тәуелсіздіктің 25 жылдығының қарсаңында басталған үлкен турнир. «Хабар» чемпион атанды. «Хабар» бар жағынан мықты ғой. Жалғыз ақпараттың кеңістіктің көшбасшысы ғана емес. «Хабар» интеллектуал, «Хабар» спортта да мыңнан тұлпар екенін растай алады. Бүгін көрсеттік.

Әзиз Жұмәділ, ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

- Журналистер лигасы жалпы Астана ғана емес, жалпы Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып отырған журналистердің додасы және бұл алдағы уақытта да жалғасын табады. Біз журналистер лигасының жаңа маусымын мамырдың екінші жартысына жоспарлап отырмыз. Ол тамыз айының аяғына дейін созылуы тиіс.

Еркебұлан Шуашов, Kazakh TV командасының капитаны:

- Журналистер жиналды, өте қызықты командалар жиналды. Осу бірінші турнирде БАҚ лигасында үшінші орын ала алмадық, енді келесі БАҚ турниріне жақсы команда құрып, алға шығамыз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы