376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО мектептеріндегі медициналық кабинеттер емхана қарамағына өтпек

  • 502
  • UPD: 12:34, 27.02.2017

Шығыс Қазақстан өңірі мектептеріндегі медициналық кабинеттер облыстық денсаулық сақтау басқармасының қарамағына өтеді.

Мұндай өзгеріс оқушыларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру үшін қолға алынған. Белгілі болғандай, кабинеттердің 94%-ы мүлде талапқа сай емес. Мамандардың емханамен кәсіби байланыс орнатуы да тәжірибеге енбеген. Енді «бір мектеп, бір емхана» жүйесі бойынша медициналық кабинеттердің жағдайы жақсармақ. Тіпті, балаларға жүйелі тексеру жүргізу үшін дәрігерлер тобының мектепке барып тұруы да қарастырылған.

Ләйлә Шалова, №2 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі:

- Мектептердегі медициналық кабинеттерді емхананың қарамағына алу жұмыстары біртіндеп жүріп жатыр. Әрбір мектепте қанша бала оқиды? Олардың денсаулығы қалай? Сол бойынша да мәліметтерді аламыз. Ал емханалардағы мектеп бөлімдерінің Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен талапқа сай жабдықталуына сол мекеменің бас дәрігері жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы