389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Целиноград ауданындағы жиһаз цехы жылына 12 мың дана жиһаз құрастырып отыр

  • 641
  • UPD: 19:26, 27.02.2017

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы жиһаз цехы жылына 12 мың дана жиһаз құрастырып отыр. Былтырға дейін Астана қаласында жұмыс істеген кәсіпорын өткен жылы Қосшы ауылынан жаңа өндіріс ошағын іске қосқан. Қазір онда 60 адам жұмыс істейді. Он жылдық тарихы бар бұл кәсіпорын, осы уақыт ішінде 50 мектеп пен 50 балабақшаны жиһазбен қамтамасыз етіпті. Бұдан бөлек, бірнеше аурухананы да жабдықтаған. Ал, басты жетістіктері – жұмысшыларға деп арнайы салынған қызметтік үй. Қазір онда 12 отбасы тұрып жатыр. Ал, өндіріс ошағында қазір жиһаз құрастыру бір сәтке болсын тоқтаған емес. Осы саланың жас маманы Нұрзат Зекенов, бүгінде цехтың жұмысына жетекшілік етеді. Ол да отбасымен осында келіп, баспаналы болған, бала сүйген.

Нұрзат Зекенов, шебер:

- Жұмыста барлық жағдайлар жасалған. Жаңа станоктар алынып жатыр. Әрине, компания бізге осындай көмек жасап жатқаннан кейін біз де өз жағымыздан аянбай еңбектеніп жатырмыз. Құлшыныспен істейді.

Ауылдан жиһаз цехын ашу үшін кәсіпкер, 700 млн теңге қаржы жұмсапты. Оның 200 млны кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы қаржыландырылған. Бизнес өкілінің айтуынша, мемлекет қолдап тұрғанда, жұмысшылардың жағдайын жасап, өнім түрлерін көбейтуге міндеттіміз, - дейді.

Сайра Матайбаева, жеке кәсіпкер:

- Былтыр жер телімін алдық 30 соток. Сол жерге үлкен осы өндірісімізді салып, онымен қоймай, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, үй салдық. Тегін тамақ беру жұмысшыларға. Тегін медициналық көмек көрсету.

Алдағы уақытта мұнда тағы екі цех іске қосылмақ. Сол кезде ұжым, жылына 18 мың дана жиһаз құрастыруды жоспарлап отыр. Ал жұмысшылардың қатары ол уақытта 120-ға жетеді.

Авторлары: Д.Берікұлы, А.Полянный. 

Хабар 24 телеарнасы