386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ескі көпірдің жаңғыртылуына 2,3 млрд теңге жұмсалады

  • 692
  • UPD: 16:29, 28.02.2017
Оралда ескі көпірдің жаңғыртылуына 2,3 млрд теңге жұмсалады Drive2

Оралда «Локомотив депосы» ауданындағы көпір толығымен қайта жаңғыртылатын болды.

Айта кету керек, 1965 жылы салынған көпірге бірде-бір рет жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ұзындығы 500 метрден асатын көпірде көлік ағыны бір де толастамайды. «Сәйкесінше, шеткері аудандар мен қаланың орталық бөлігін жалғайтын нысанның талапқа сай болғаны уақыт талабы», - дейді мамандар. Құрылыс жұмыстары барысында көпір толықтай бұзылып, тірек бағаналары күшейтілмек. Нысан құрылысына жұмсалатын 2,3 млрд теңге қаржы жергілікті жер қойнауын игеруші компания тарапынан бөлінеді. Көпірді жаңғырту жұмыстары 2 жылға есептелген. Болашақта оның көлік жүретін үстіңгі қабатының ені 14 метрге дейін ұлғаяды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолы мен жарық шамдары да жаңаша кейіпке енетін болады.

Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы