386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да қар құрсауында қалған 164 адам құтқарылды

  • 611
  • UPD: 16:40, 28.02.2017

Солтүстік Қазақстан облысында қар құрсауында қалып қойған 164 адам құтқарылды.

Оның 16-сы бала. Өңірде аяқ астынан күн райы бұзылып, желдің екпіні күшейді. Әсіресе, Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Есіл, Қызылжар аудандарында ат құлағы көрінбейтін боран көтеріліп, дабылды ескерту жарияланды. Корнеевка – Двинск ауылдарының арасында 17 көлік кептеліп қалған. Бұл аумақтың қары тазартылып, жүргізушілер жолдарын жалғастырды.

Евгений Журавлев, облыстық ТЖД бас маманы:

- Жүргізушілер ескертуді елемей жолға шығады. Сондықтан тұрғындарға хабарламаларға құлақ асып, сақтық шараларына мұқият болуға шақырамыз. Қазіргі уақытта ауа райы тұрақталды.

Хабар 24 телеарнасы