387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде кәсіптік-техникалық білім алған жастар жұмыспен қамтылды

  • 725
  • UPD: 11:12, 01.03.2017

Ақтөбеде кәсіптік-техникалық білім алып шыққан түлектердің көбі диплом алу кешінде-ақ жұмыс тапты.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлер мен түлектер арасында дәнекер болып, екі жақтың кездесуін ұйымдастырды. Қаладағы мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына аспаздар мен кондитерлер қажет. Осы мамандықты игерген 14 түлек тұрақты жұмысқа орналасып, арнайы сертификат алды. Жалпы, түлектердің көбі бұған дейін қаладағы жеке кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өткен. Арнайы кәсіптік-техникалық білім алып шыққан жастарға сұраныс бар. Биыл Ақтөбеде жергілікті және республикалық бюджет есебінен 5 мыңнан астам адам тегін оқумен қамтылады. Өңірде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Елбасы Жолдауында айтылған экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындалады.

Гүлдира Төлепова, кондитерлік цехтың өндіріс меңгерушісі:

- Бізге әр колледжден тәжірибеге жіберіп тұрады. Біз баланың тәжірибесіне, жауапкершілігіне қараймыз. Егер өзін жақсы көрсетсе, ол баланың қалай жұмыс істейтінібәрі тәжірибе кезінде білінеді, ары қарай өзіміз үйретеміз. Екі адамды жұмысқа алдық қазір.

Анастасия Потапенко, техник-технолог:

- Менің алған мамандығым көп салаға қажет. Мен бүгін мейрамханаға жұмысқа орналастым. Болашақта ойға алған жоспарларымды іске асырсам деймін. Жұмыс іздеп жүрмейтін болдым, өте қуаныштымын. Түлектерге қолдау көрсетіп жатқан мамандарға алғыс айтамын.

Хабар 24 телеарнасы