386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің әр азаматында денсаулық тарихы жазылған электрондық құжаты болады

  • 453
  • UPD: 12:57, 03.03.2017

Еліміздің әр азаматында денсаулық тарихы жазылған электрондық құжаты болады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведмство басшысы Елжан Біртанов мәлімдеді. Бұл дәрігерлерді қағазбастылықтан құтқарады. Әрі кез-келген адам емхананы өзі таңдап, медициналық қызметке еш қиындықсыз қол жеткізе алады. Жолдама да, науқасқа берілетін дәрі-дәрмек тізімі де электронды нұсқаға көшіріледі. Жоба биылдан бастап тәжірибеге енгізілмек. Ал, 2019 жылға дейін кезең-кезеңімен толық жүзеге асырылады. Бас дәрігердің айтуынша, министрлік саланы дамыту мақсатында бес бастаманы қолға алған. Яғни, жалпы денсаулық сақтау саласы электрондық жүйеге бағытталады. Ол үшін қазірдің өзінде арнайы стандарттар әзірленген. Осы орайда, электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігі құрылатын болады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Денсаулық сақтау жүйесін науқастардың мүддесіне қарай оңтайландыру қажет. Алғашқы медициналық көмектен бастап, барлық кезеңдерді қамтитын біріктірілген жүйені енгізуді көздеп отырмыз. Медицинаны дамытуда ұлттық бағдарлама қабылдау жоспарда бар. Сонымен қатар, саланы сандық жүйеге көшіру және ақпараттандыру жөніндегі шаралар өз жалғасын таппақ. Емханаларға тіркелу оңтайландырылады. ІТ мониторинг негізінде ауруларды басқару бағдарламасы да жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы