385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізді қорғауға үлес қосқандар «Ел қорғаны» медалімен марапатталады

  • 508
  • UPD: 19:53, 10.03.2017

Мемлекетіміздің қорғанысына үлес қосқан әрбір азамат енді «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапатталатын болады.

Бұл туралы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мемлекеттік рәміздер, ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысынан кейін мәлімдеді. Сонымен қатар, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен өткен дөңгелек үстелде мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар пысықталды.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Қызметімен көзге түскен генералдар, офицерлер мен сержанттар, қатардағы сарбаздар мен ел қорғанысына үлес қосқан қарапайым азаматтар да бірінші және екінші дәрежелі «Ел қорғаны» медальдерімен марапатталатын болады. Елбасы бұл ұсынысты қуаттап отыр. Биыл ҚР Қарулы күштеріне 25 жыл толады. Мерейтойға орай, бірнеше қызметкерімізді марапаттасақ деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы